Probatsiˈa qyzmeti tyˈraly

Рашид Орынбасарұлы ЕржiгiтовАлматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң пробация қызметiне басшылық ету бөлiмiнiң бастығы әдiлет подполковнигi

Рашид Орынбасарұлы Ержiгiтов

Әдiлет подполковнигi Рашид Орынбасарұлы Ержiгiтов Оңтүстiк Қазақстан облысында 1979 жылы 5 қырқүйекте дүниеге келген. Бiлiмi жоғары, 2008 жылы Қостанай заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бiтiрген.

Iшкi iстер органдарында 2001 жылдан берi қызмет атқарады.

2001-2017 жылдары әр-түрлi лауазымдарда қызмет атқарған.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметiне басшылық ету бөлiмiнiң бастығы лауазымында 2017 жылдың 1 наурызынан бастап қызмет атқаруда.

Аумақтық пробация қызметi бөлiмдерi

Пробация қызметінің атауы Мекен-жайы Пробация қызметі басшысының Т.А.Ә. Байланыс телефоны
Ақсу аудандық ПҚ Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Жидебаева көш.104. Бөлімше аға инспекторы, әділет капитаны Еркін Бекенұлы Шыныбеков   8/72832/22203
Алакөл аудандық ПҚ Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы Қонаев көш. 68. Бөлім бастығы, әділет капитаны Айбек Үсенұлы Қанабеков 8/72833/21191
Балқаш аудандық ПҚ Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылы Сейфуллин көш.1. Бөлімше бастығы, әділет капитаны Азамат Арыстанбекұлы Бауланқұлов 8/72773/95236
№1 Еңбекшіқазақ аудандық ПҚ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы Токатаев көш 105 Бөлім бастығы, әділет капитаны Асланов Рамазан Валиевич   8/72775/41538
№2 Еңбекшіқазақ аудандық ПҚ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Байдибек би ауылы. Байболов көш 124 Бөлім бастығы, әділет капитаны Айдар Жексембайұлы Сейтимов 8/72775/56039
Ескелді аудандық ПҚ Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Балпық би көш. 116. Бөлім бастығы, әділет майоры Лайла Бекежанқызы Сағымбаева 8/72836/30921
Жамбыл аудандық ПҚ Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Рысқұлов көш. 78. Бөлім бастығы, әділет капитаны Ержұма Қадырұлы Кулибеков 8/72770/21474
Іле аудандық ПҚ Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы Батталханов көш. 14 Бөлім бастығы, әділет майоры Ербол Асқарұлы Қожа 8/72752/23352
Қапшағай қалалық ПҚ Алматы облысы Қапшағай қаласы Конаев 14. Бөлім бастығы, Әділет капитаны Ботагөз Маратқызы Жетмекова 8/72772/42639
Қарасай аудандық ПҚ Алматы облысы Қарасай ауданы Каскелен қаласы Абылайхан көш. 90 Бөлім бастығы, Әділет капитаны Нұрбол Оразбекұлы Мұхаммедиев 8/72771/21835
Кербұлақ аудандық ПҚ Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыозек ауылы Б. Момышулы көш. 7 Бөлім бастығы, әділет аға лейтенанты Аслан Бейбитұлы Абданиев 8/72840/32720
Қаратал аудандық ПҚ Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Рысқұлов көш.45 Бөлім бастығы, әділет капитаны Бахыт Маратұлы Тлеболдинов 8/72834/21482
Көксу аудандық ПҚ Алматы облысы Көксу ауданы Балпык би ауылы Исабаева көш. 122 «а». Бөлімше бастығының м.а., әділет капитаны Саят Абылмуратұлы Жолдыбаев 8/72838/42681
Панфилов аудандық ПҚ Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Жансүгіров көш. 102 Бөлім бастығы, әділет подполковнигі Гульнар Керимбайқызы Алирахимова 8/72831/50129
Райымбек аудандық ПҚ Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы Б. Момышулы көш.7 Топ инспекторы, әділет аға лейтенанты Дарын Бакдаулетулы Сембай 8/72777/21024
Сарқан аудандық ПҚ Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы Жамбыл көш. 31 Бөлімнің аға инспекторы, әділет капитаны Мадияр Алтайұлы Еркенов 8/72839/22302
Талғар аудандық ПҚ Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Акан сері көш. 20 Бөлім бастығы, әділет капитаны Елеусизулы Азамат 8/7272/956356
Талдықорған қалалық ПҚ Алматы облысы Талдықорған қаласы, Балпық би көш. 283. Бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры Айдос Амандосұлы Айсеркенов 8/7282/240187
Текелі қалалық ПҚ Алматы облысы Текелі қаласы Конаев көш. 106 Бөлімше бастығы, әділет капитаны Айнур Ануарбекқызы Чеирханова 8/72835/52135
Ұйғыр аудандық ПҚ Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы Арзиев көш. 51 Бөлімше аға инспекторы, әділет капитаны Наргиз Шахамжанқызы Таипова 8/72778/21972

Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметiнiң қызметi

Пробация қызметi — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi атқарушылық және өкiмдiк фнкцияларды жүзеге асыратын және өзiнiң есебiндегi сотталғандардың әлеуметтiк-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсететiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органы.

Пробациялық бақылау — уәкiлеттi органдардың сотталғандарға сот жүктеген мiндеттердiң орындалуына және олардың мiнез-құлқына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтiк-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету жөнiндегi қызметi.

Қылмыстық-атқару жүйесiнiң пробация қызметi қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға, соның iшiнде шартты және бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаларға сотталғандарға, сондай-ақ түзеу мекемелерiнен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылған және әкiмшiлiк қадағалау белгiленгендерге әлеуметтiк-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетедi.

Облыстың 19 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнде 21 аумақтық пробация қызметтерi қызметiн жүзеге асырады. (штат бойынша 115 қызметкер).

2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аумақтық пробация қызметтерiнiң есебiнен 4833 (2016 ж. — 4371) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар өткен.

Пробация қызметi өзiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетуге жәрдем беру жұмысын Қылмыстық-атқару кодексiнiң 18-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңының 27, 31, 35 бабтарына, Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 9-бабына, Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңының 6-бабына және де Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекiтiлген Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету қағидасына сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 18-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарпробация қызметiнiң есебiнде тұрған, сондай-ақ түзету мекемелерiнен босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының квоталарын белгiлейдi; қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi мекемелерден босатылған, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк және өзге де көмек көрсетедi.

Сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметi онымен түсiндiрме жұмыстарын жүргiзе отырып, оның денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, оның жеке басын зерделеудi жүргiзедi, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтап, әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудiң жеке бағдарламасын әзiрлейдi. Осы жеке бағдарламаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер және өзге де ұйымдар сотталған адамдарға әлеуметтiк-құықтық көмек көрсетедi. Бiлiм алу, мамандық алу, жұмысқа орналасу, емделу, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз ету сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудiң негiзгi бағыттары болып табылады.Осы бағыттағы атқарылған шараларға келсек, есептiк кезеңде(2017 жылдың 10 айына) аумақтық пробация қызметтерiнiң есебiнен өткен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлерiне сотталғандар саны 4098 адам, Осы сотталғандарға қатысты әзiрленген әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы төменде көрсетiлген атқарушы органдарға жолданды:

  • денсаулық сақтау органдарына — 3131
  • жұмыспен қамту органдарына — 523
  • бiлiм беру органдарына — 2
  • мемлекеттiк ұйымдар — 5
  • үкiметтiк емес ұйымдарға — 267
  • басқа да ұйымдарға — 170.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға және заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға құқығы бар.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Кодексiнiң 34 бабына сәйкес көрсетiледi.

Есептiк кезеңге әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетiлген сотталғандар саны — 4027 адамды құрады. Оның iшiнде:

әр түрлi бейiндегi дәрiгерлермен жалпы тексеру түрiндегi медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде тегiн медициналық көмек көрсетiлгенi –982 оның iшiнде аудандық денсаулық сақтау мемлекеттiк мекемелермен медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде өкпе флюорографиясы зерттеп-қарау, экг жүрек тегiн тексерiстен өткiзу қарастырылған;

  • бiлiм алғандар — 3
  • жұмыспен қамтылғаны — 298 яғни
  • мамандық алғандар — 52
  • құжаттандырылғаны немесе құжаттары қалпына келтiрiлгенi — 11
  • өзге де көмекпен қамтылғандары — 146 (пробация қызметтерiмен жұмысқа орналастырған — 25, заң консультациялары — 150)
  • психологиялық көмек көрсетiлгенi — 2535, адамды құрады.

Әлеуметтiк-құықтық көмек көрсетудiң статистикасына қарасақ, көрсетiлген көмектiң 78,4%, яғни ең басымы негiзiнен медициналық көмек көрсетiледi.

Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп жатқан iзгiлендiру саясаты нәтижесiнде соңғы үш жылда қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны және пробация қызметтерiнiң есептерiнен өткендер саны ұлғаюда және бұл үрдiс одан әрi сақталады. Осыған байланысты, қазiргi уақытта бас бостандығынан айыруға балама жазалау шараларын сапалы орындау өзектi мәселе болып табылады.

Алматы облысы әкiмдiгi, облыстық прокуратура және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментi, сонымен қатар, облыстық консультациялық-кеңесшi органның мүшелерi мен ҚАЖД пробация қызметiнiң жеке құрамының қатысуымен Ұлттық жоспар 100-нақты қадамның «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды және пробация қызметiнде есепте тұрғандарды әлеуметтiк бейiмдеудiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру, сондай-ақ осындай азаматтар үшiн әлеуметтiк бейiмдеудiң кешендi стратегиясын және арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң стандарттарын өңдеу бойынша» 33 қадамын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында «Пробация үйi» ашылды.

Бүгiнгi күнде Алматы облысы бойынша ҚАЖД Талдықорған, Қапшағай, Текелi қалалық және Аксу, Жамбыл, Iле, Қарасай,Талғар, Ескелдi, Еңбекшiқазақ аудандық пробация қызметтерi, әлеуметтiк бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестiру органдарымен, әдiлет, денсаулық сақтау, бiлiм органдардарымен, кәсiпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталықтары,бейiмделу орталықтары, үкiметтiк емес ұйымдармен және халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бiрлесiп «Пробация үйлерi» ашылды. Қазiргi таңта пробация үйлерiне жүгiнгендер және оларға әлеуметтiк құқықтық көмек көрсетiлгендер саны — 445 адам.

  • Тегiн медициналық көмек көрсетiлгендер саны — 155
  • Психологиялық көмекке және психологтың консультациясына жүгiнгендер саны — 146
  • Жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнгендер саны — 80
  • Оның iшiнде: жұмысқа орналастырылғандар — 80
  • Құжаттары қалпына келтiру — 11
  • Мамандық алуға — 16
  • Заң консультацияларын алуға жүгiнгендер — 28
  • Басқа да көмекке жүгiнгендер — 9.

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтiк оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешендi стратегиясын жүзеге асыруына арналған iс-шаралар Жоспарының тармақтарын орындау мақсатында, яғни осы жоспардың 15 тармағында көзделген iс-шараны жүзеге асыру мақсатында 29.06.2017 жылғы өткiзiлген консльтативтiк-кеңесшi органның отырысында осы мәселе көтерiлiп, осы отырыстың шешiмiнде Алматы облысының әр ауданында және қалаларында жастар тәжiрибесi арқылы 1 маман бөлуi қарастырылды.

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтiк оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешендi стратегиясын жүзеге асыруына арналған iс-шаралар Жоспарының тармақтарын орындау мақсатында, яғни осы жоспардың 24 тармағында көзделген iс-шараны жүзеге асыру және пробация қызметiнде қоғамнан оқшаулаусыз жаза белгiленiп сотталғандарды, түзеу мекемесi орындарынан босатылған сотталғандардың салуатты өмiр салтын ұстануға бейiмдейтiн, әлеуметтiк жағдайларының жақсару мақсатында «Алматы облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасымен» бiрлесiп пробация кызметi бақылауына қойылған кәмелетке жасы толмағандар 18-29 жастар аралығындағы сотталғандар арасында әр түрлi спорттық iс-шаралар өткiзiлуде. Мысалы, 2017 жылдың 09 тамызында Жастар күнiне орай, Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментi, «Алматы облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» және де Алматы облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке жасы толмағандар 18-29 жастар аралығындағы сотталғандар арасында волейбол ойынынан жарыс өткiзiлдi.

Сонымен қатар, кәмелетке жасы толмаған сотталғандарға өзге дек көмектер көрсетiлуде, мысалы: Талғар аудандық пробация қызметiнiң есебiнде тұратын кәмелетке жасы толмаған Қуаныш Талғатұлы Ибраимовқа «Бақытты балалық шақ» акциясының шеңберiнде оқу мерзiмiне дайындалуына қаржылай көмек көрсетiлдi.

Пробациялық бақылауға түсетiн тұлғаларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу мақсатында үкiметтiк емес ұйымдармен меморандумдар бекiтiлген.

Сондай-ақ осы жоспардың 23 тармағын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы бойынша ҚАЖД, облыстық прокуратура, Алматы облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы және «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бiрлестiгiмен бiрлесiп, Талдықорған қалалық пробация қызметiнде кәмелетке толмағандар және сотқа дейiнгi пробацияға түсетiн адамдар кабинетiнiң ашылды. Қазiргi таңда, осы аталған тұлғаларға психологиялық көмек көрсетiлуде.

Пробация қызметтерiнiң сотталғандарды қайта әлеуметтендiру және «түрме адамдарын» азайтуға бағытталған тиiмдi жұмысы, әлеуметтiк-құқықтық және өзге де көмек ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар жергiлiктi атқарушы органдармен өзара тығыз iс-қимыл жасау барысында ғана мүмкiн болмақ.

Бiздiң қызметкерлер жұмыс барысында 

Бiздiң қызметкерлер жұмыс барысында

Бiздiң қызметкерлер жұмыс барысында

Бiздiң қызметкерлер жұмыс барысында

Алматы облысы бойынша
ҚАЖ департаментi

Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ AntikorПремьер egovӘділетEXPO