Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Бахтияр Тайлақбаев Алматы қаласының қамау орындарына барды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiне орай «Нұрлы Бағдар» қоғамдық қоры және Алматы қалалық мәдениет және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Бахтияр Тайлақбаев өзiнiң «Алматы әуендерi» атты концерттiк тобымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментiне қарасты ЛА-155/6 кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауiпсiздiк, ЛА-155/13 қауiпсiздiгi барынша төмен және ЛА-155/18 қауiпсiздiгi аралас мекемелерiн аралап, қайырымдылық концертiн өткiздi.

Сонымен қатар концеттiк бағдарламада эстрада әншiсi Асхат Тарғын «Анашым», «Әке» және атақты «Мария Магдалена» атты әндерiн орындады.

Бейбiтгуль Нұрымқожина «Құрбым-ай» әнiн айтып, ортаға сотталғандарды биге шақырды. Әншi Даурен Байбуриновтың орындауында Валерий Ободзинскийдiң әндерi шырқалды.

Бiр жарым сағатқа жалғасқан концерттiк бағдарлама көрермендердi көптеген жағымды эмоциялар мен қуанышқа бөледi.

әдiлет майоры
Хусайнова Ш.М.

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Бахтияр Тайлақбаев Алматы қаласының қамау орындарына бардыҚазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Бахтияр Тайлақбаев Алматы қаласының қамау орындарына барды

20.08.2018
Қараулар: 312
Государственные символыАкордаПремьер egovӘділетEXPO